2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 21/304 шешімі
(2015.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015.17.03. № 23/374 шешімімен (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.10. № 28/422 шешімімен (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.10.12. № 29/427 шешімімен (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 98 903 750 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 58 182 909 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 606 501 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 100 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 38 111 239 мың теңге;
2) шығындар - 99 889 561 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 4 478 664 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 8 149 152 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 670 488 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 656 924 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 656 924 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 121 399 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 121 399 мың теңге.